Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды
Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды
97
оқылды

Кейінгі тәулікте Ресейде 10 595 адамнан коронавирус анықталды. Бұл жайында РИА Новости хабарлады. Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны 0,25 пайызға азайған.

Аймақтар бойынша, Мәскеуде – 1534 адамнан, Санкт-Петербургте – 968 адамнан, Подмосковьеде – 773 адамнан, Нижегород облысында – 383 адамнан, Ростовта – 272 адамнан, Воронежде – 271 адамнан, Самарскийде – 268 адамнан, Иркутскте – 201 адамнан, Саратовта – 183 адамнан, Свердловскийде – 174 адамнан коронавирус анықталған. Сонымен қатар, Ресейде бір тәулікте COVID-19-дан 368 адам қайтыс болған, 11 576 адам аурудан айығып шыққан.