Қытайдағы студенттерді елге қайтару үшін Уханьға арнайы борт жіберілуі мүмкін
Қытайдағы студенттерді елге қайтару үшін Уханьға арнайы борт жіберілуі мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
410
оқылды
Қытайдың Ухань қаласында қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы борт жіберуді жоспарлап жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев: «Кеше ҚХР СІМ-де шетелдік дипломаттар үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Қытай тарапы елдегі жағдай туралы айтты. Әрине, олар барлығы бақылауда екенін және қажетті шаралар қолданылып жатқанын айтты. Қозғалысты азайту үшін азаматтардың мүмкіндігінше тұрғылықты мекенжайында қалуын өтінді. Сондай-ақ, олар шетелдік мемлекеттердің өз азаматтарын эвакуациялау туралы сұраныстарын қарастыратынын айтты.  Осы орайда біздің тараптан ҚХР-ға нота жіберілді, қазіргі уақытта Уханьдағы студенттерімізді эвакуациялау мәселесін ойластырып жатырмыз. Онда біздің 98 студентіміз бар. Студенттермен хабарласып жатырмыз, олар қайтамыз деген жағдайда арнайы борт жіберу мәселесін ойластырамыз», – деді. 
Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін рұқсат алуға Қытайдың келісімін күтіп отыр.