Ғылым мен инновацияға инвестиция
Ғылым мен инновацияға инвестиция
483
оқылды
Сауд Арабиясы ҚазҰУ-да ғылыми-технологиялық алқапты құру жобасын жүзеге асыруға қатысады. Бұл жайында келісім қазақстандық жетекші ЖОО рек­торы, академик Ғалым Мұтановтың Сауд Ара­биясы ғылым және инновация министрінің орын­ба­сары Нассер Мұхаммед әл-Акилмен кездесуі кезін­де жасалды. Сапар барысында Сауд Ара­биясының ғылым және ин­но­вация министрінің орын­ба­сары ҚазҰУ-дың ғылыми білім беру және инновациялық қызметі, ғылыми жобалары, орта­лық­тары және зертханаларымен танысты. Нассер Мұхаммед әл-Акил университет инфра­құрылымының ауқымдылығы мен дамуын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл әсіресе жо­­ғары технологиялар сала­сында заманауи талаптарға сай және кәсіпке оңтайлы келеді. Технопаркі мен супер­ком­пью­­тері бар заманауи халықа­ра­лық IT кластер ядросы бола­тын, жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту сала­сында әлем университеттерінің ынтымақтастығының жаңа плат­­формасы –әл-Фараби ғы­лы­ми-технологиялық алқа­бын құру жобасы қонақтардың үл­кен қызығушылығын тудыр­ды. Министрдің орынбасары оны жүзеге асыруға Сауд Ара­бия­сы­ның университетте­рін, сондай-ақ ғылыми-тех­но­ло­гия­лық ал­қап инфра­құры­­лымын да­мыту мен зерттеу жобаларын қар­жыландыру үшін инвестор­лар­ды тартуға дайын екенін айтты. Екіжақты мүдделілікті еске­ре отырып, тараптар колла­бо­рация бағыттарын тыңғылықты талқылау үшін ҚазҰУ және Сауд Корольдігі университетінің мамандары мен ғалымдарынан жұмыс тобын құрды. Жақын арада ғарыштық технологиялар, IT және биотехнология, химия және физика, нанотехноло­гия­лар және басқа салалардағы жоба­ларды іске асыру бойынша бірлескен зерттеу орталықтарын құру жоспары белгіленді. Елбасы мен Қазақстан Президенті қолдауына ие бол­ған әл-Фараби ғылыми-техно­логиялық алқабының жобасы ғылыми әзірлемелерді коммер­цияландыруға және оларды экономиканың нақты секторы­на енгізуге бағытталған ұлттық инновациялық жүйенің бірегей өсу нүктесі болмақ.   Серік ӘЛІМЖАНОВ