13 наурызда таңертең астанада көлік өртенді. Оқиға орнында көлік иесі болмаған екен.
Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 07:34-те Нұр-Сұлтан өрт сөндіру қызметіне Қонаев көшесі 14/2 мекенжайында көлік өртенгені туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер келген бойда ВАЗ 2114 маркалы автомобилінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында автокөлік иесі болған жоқ. Өрт 07:46-да жойылды»,– деді қалалық ТЖД өкілі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – қозғалтқыштағы электр сымдарының тұйықталуы.