Қазақстанда кейінгі тәулікте 11 адам коронавирустан қайтыс болды. 14 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 973 адам коронавирустан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
232 адамның жағдайы ауыр;
47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
33 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте 1049 адамнан коронавирус анықталды. COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөнінде дерек бойынша, 52 жағдай тіркеліп, 180 адам жазылып шыққан.