Словакияда вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ел астанасы Братиславада ұлттық футбол стадионы екпе салатын үлкен орталыққа айналды.
Жергілітік билік өкілдерінің хабарлауынша, мұнда күнінен 2500-ге дейін адам вакцина салдыруы тиіс. Орталыққа тек астана халқы емес, сондай-ақ маңайдағы елді мекендердің тұрғындары келе алады.
Словакияда індет басталғалы 5 жарым миллиондай халықтың 337 мыңы коронавирус жұқтырып, 8 мың 440 тұрғын көз жұмған.
– Жаңа ашылған орталықтың барлық жерінде ауа баптағыш орнатылған. Ғимарат сағат сайын зарарсындандырылады. Сондықтан бұл жерді қауіпсіз деп сеніммен айтуға болады, – дейді дәрігер Томас Сзалай.