Алғашқысы 1971 жылы туған ер адам Тараз қалалық сотының ғимаратын жарып жібермек болған.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) тіркелді. Ұсталған азамат 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болып отыр. Тараз қаласының №2 соты оны мәжбүрлеп емдеуге жіберді. 1983 жылы туған тағы бір ер адам 102 нөміріне қоңырау шалып, Тараздың шағын аудандарының бірінде үйді жарып жібергелі тұрғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, Тараз қаласының №2 соты оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.Құқық қорғау органдары жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының назарын Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертеді.
Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы