Қазақстанда жыныс ауыстыру операциясы тегін жасала ма?
Қазақстанда жыныс ауыстыру операциясы тегін жасала ма?
224
оқылды
Желіде жыныс ауыстыру операциясы Қазақстанда тегін жасалатыны туралы ақпарат тарады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Морфологиялық жынысты өзгерту операциялар адамның өтінішімен жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен, қажетті тексерулерден өткеннен кейін, комиссияның рұқсаты мен гормондық терапиядан өткен соң жүзеге асырылады. Бұл операция тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді және ақылы қызмет емес,– деп хабарлады министрлік өкілі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыныс ауыстыру туралы бұйрық алғаш рет 2003 жылғы 3 маусымда шықты. Яғни, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен бекітілген жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары жаңалық емес. Сонымен бірге жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестілік мәселелеріне адам құқықтары туралы халықаралық нормаларды қолдану ұсыныстарының жиынтығы болатын Джокьякарт қағидаттарына сәйкес мемлекеттер «медициналық рәсімдер арқылы қайтымсыз физикалық өзгерістерге жол бермеу мақсатында заңнамалық, әкімшілік және өзге сипаттағы» барлық қажетті шараларды қабылдайды. «Жынысын медициналық жолмен өзгертетін адам өзінің бір сәттік қалауы, қыңырлығы үшін емес, гендерлік сәйкестілік пен туған кезде тіркелген жынысымен сәйкессіздік салдарынан ұзаққа созылған күйзеліс жағдайының салдарынан жасайды. Сондықтан қазіргі медициналық тәжірибеде жынысты медициналық түзету гендерлік дисфорияны жеңудің және жағдайды жеңілдетудің жалғыз амалы ретінде танылады”, – делінген министрліктің хабарламасында.