Күдікті интернет арқылы алаяқтық жолмен 36 адамды сан соқтырған. Алаяқ азаматша екі жыл бойы Instagram-да әйелдерге арналған киімдерді сату жарнамасымен тұрғындардың қаржысын заңсыз иемденіп отырған.
Көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Тараз, Шымкент, және Қызылорда қалаларының азаматшалары алданған.
Тараз қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Үсен Смайыловтың кәсіби біліктілігінің нәтижесінде алаяқтың кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас деректер жиналған.
Интернеттегі күдікті алаяқтың әрекеттері ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сараланады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейді.