Түркістан облысының полицейлері іздеуде жүрген алаяқты ұстады. Бұл жайында облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан «Іздестіру», «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер іздеуде жүрген алаяқтыққа қатысы бар, Сайрам ауданының тұрғынын ұстап бөлімшеге жеткізді. Оқиға өткен жылы Бәйдібек ауданында болған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді», – делінген хабарламада.
Тергеу барысында күдікті жәбірленуші әйелге "Нұр-Сұлтан қаласынан пәтер алып беремін" деп, 5 миллион теңгесін қағып алыпты. Ол алдымен жәбірленушінің сеніміне кіріп, ақшасын алған соң ізін суытқан. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.