Экологиялық журналистика – жоғары білім берудегі басым бағыттың бірі
Экологиялық журналистика – жоғары білім берудегі басым бағыттың бірі
307
оқылды

Алматыда экологиялық проблемаларға арналған журналистердің 5 күндік курсы өтті. Елуден астам БАҚ маманы экологиялық мәселелерді қалай жазу керектігі төңірегінде білімін арттырды. 

Экология саласының еріктілері мен ғалымдары журналистермен бірге қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемалары, экологиялық мәдениетті арттыру тақырыптарын талқыға салды. Іс-шара 2020 жылы қол жеткізген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында өтті. Экологиялық журналистика Экологиялық журналистика Журналистер экопроблемаларды медиада жариялаудың векторларынан бастап, экология саласындағы деректердің шынайылығы, экологиялық тақырыптарға мультимедиалық сторителлинг құрудың әдістерін үйренді. Ақпараттық агенттіктерде экология тақырыбы қалай қамтылуы тиіс?  Деректердің сенімділігі мен өзектілігін тексеру  құралдары қандай? Тұрғындардың экологиялық санасы мен  мәдениетін арттырудың тиімді мессиджі қандай? Экологиялық білім беру және тәрбие негізі қандай? Міне осындай өзекті тақырыптар төңірегінде мастер класстар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі – Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек экологиялық ойлау ұғымын енгізетін кез келгенін айтты. «Бұл саланы қалыптастыруда университеттердің академиялық ықпалы орасан зор. Салалық кафедралардың бастамасы осы орайда ерекше маңызға ие. Экологияны жылдан жылға тану қиындап барады. Сондықтан бұл туралы ашық ақпарат кеңінен таралуы және қолжетімді болуы тиіс», – деп атап өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының коммуникация маманы Сергей Карпов Тұрақты даму мақсаттары аясында экологиялық журналистика бойынша білім беру бағдарламалары мен әдістемелік қорларды таныстырды. Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексіне түсініктеме берген мамандар БАҚ материалдары үшін таптырмас дереккөз саналатын биосфераның ластануы,  экотоксиканттар,  төтенше жағдайлардан қорғану,  экологиялық тәуекелдер,  экологиялық ізді есептеу сияқты кәсіби проблемаларды кеңінен талқылады. Бағдарлама соңында зертханалық жағдайда журналистер судың органолептикалық көрсеткіштерін талдап, сынамасын алды. Бұл практика журналистік материалдар әзірлеуде қажетті болары анық. Экологиялық журналистика Журналистер  кампусқа жасаған экотур барысында биомузей, жасыл технологиялар зонасымен жақын танысты.  ҚазҰУ Ғылыми кітапхана қоры «Экология. Тұрақты даму мақсаттары. Журналистика» тақырыбында кітап көрмесі мен БАҚ материалдарын назарға ұсынды. Асылхан Абдраимның «Қазақстанның көркем табиғаты» фотокөрмесі қойылды. Биыл университеттің   Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы мен Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы үйлестірушілері ғылыми-педагогикалық бағытта «Экологиялық журналистика» жаңа білім беру бағдарламасын  ашады. Қатысушылардың бастамасымен экологиялық тақырыпта жазатын журналистердің ұлттық желісін құру ұсынылды.

Гүлмира Сұлтанбаева, бағдарлама үйлестірушісі