Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.
ҚТФ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы доданың 21-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған эстониялық Кайя Канепимен кездесті.
Қазақстандық спортшы 21-де болса, тәжірибелі Канепи 35 жаста еді. Брейк алмасумен басталған бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды. Ақыры бұл сетте қарсыласына бірде-бір гейм бермеген Елена 6:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, ол турнирдің үшінші айналымында әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Дженнифер Брэйди немесе рейтингте 58-сатыдағы испаниялық Сара Соррибес-Тормоның біреуімен жүздесетін болады.