Елбасы белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл жайында Еlbasy.kz сайтында жарияланды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғанына көңіл айтып, марқұмның өмірлік еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнағанын және еліміздің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.
«Ол – әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады»,– делінген жеделхатта.