Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды
5,130
оқылды

27 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 746 адам коронавирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 7 434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 342 адамның жағдайы ауыр;

  • 76 науқас хәл үстінде;

  • 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмония ауруы туралы мәліметтер: 2021 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша аурудың 102 жаңа жағдайы тіркелді. 190 адам сауығып кетті. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 50 317, ал оның 677-сі қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 47 225 жетті.