Аргентинада суретші қолданылған бетперде, бір реттік халаттар секілді заттардан көрме өткізбек
Аргентинада суретші қолданылған бетперде, бір реттік халаттар секілді заттардан көрме өткізбек
169
оқылды

Аргентиналық суретші коронавируспен күресте қолданылған бетперделер, шприцтер, ампулалар мен басқа да медициналық заттардан түрлі мүсін туындыларын жасай бастаған. Қазір шеберге қажет заттарды ауруханалар, зертханалар мен тұрғындар жібереді екен.

– Ауруды сұлулыққа ауыстыра алғанымды мақтан тұтамын. Өмірімде алғаш рет ешқандай шикізат сатып алмай көрме өткізгелі жүрмін. Көрме барысында коронавирустың хронологиясын көрсеткім келеді. Бұл індетті адамзат өмірінде соққан жойқын дауылға ұқсатамын,– дейді мүсінші Марсело Толедо.

45 жастағы Марсело Толедо – АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен әйгілі әнші Мадоннаға зергерлік бұйымдар жасап берген атақты қолөнерші. Ол былтыр алғашқылардың бірі болып індетпен ауырған. Міне, сол кезде пайдаға жарамсыз заттардан туынды жасау идеясы  ойына келіпті. Ол жасаған туындыларынан қыркүйекте Буэнос-Айрес орталығында және әлемнің өзге де ірі қалаларында арнайы көрме өткізуді жоспарлап отыр.