Қарағандыда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан Honda жүргізушісі қаза тапты. Екі адам зардап шекті.
Жол апаты Қарағандының Октябрь ауданында болған. 34 жастағы Honda көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сөйтіп, 118 автобусқа соқтығысқан. Апат салдарынан Honda автокөлігінің жүргізушісі оқиға болған жерде қаза тапты.
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөзінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 30-ға жуық жолаушы болған.
Аталған дерекке "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды",– деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.