Қайғылы оқиға сенбі күні түн ортасында болды. Каирдегі Гиср-эс-Суэйс атты халық тығыз орналасқан ауданда тоғыз қабатты тұрғын үй құлап, бес адам мерт болды.
Үйінді астында қалған адамдарды құтқару операциясы жүргізілуде. Қазір құтқарушылар тірі қалғандарды іздеу үшін үйінділерді бөлшектеп жатыр. Белгілі болғандай, үй иесі екі қабатты заңсыз салыпты. Қазір прокуратура тексеруді бастады.
Мұндай оқиғалар Мысырда жиі кездеседі.Өйткені ғимараттар көбінесе биліктің санкцияларынсыз және құрылыс ережелеріне қайшы салынуда. Оның үстіне өткен ғасырдың басында салынған көптеген үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал ел астанасы мен басқа қалалардағы жаңа үйлердің көпшілігі заманауи техникалық стандарттарға сәйкес келмейді. Сарапшылардың бағалауынша, бір ғана Каирде тұрғын үйлердің шамамен 40%-ы еш жерде тіркелмеген және заңсыз тұрғызылған. Бұл негізінен кедей аудандарға қатысты екен.