Атырауда жоғалған ер адамның денесі табылды
Атырауда жоғалған ер адамның денесі табылды
173
оқылды
Атырауда 26 наурызда 20.00 шамасында Орал өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштықбек Оразғалиевтің денесі табылды. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлады. Туыстарының айтуынша, мәйіт балық аулауға арналған торға оралып қалған. Қазір ол сараптамаға жіберілді. Тыныштықбек Оразғалиев 6 наурызда үйінен жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Оны іздеуге құтқарушылар, кинологтар, еріктілер жұмылған. Жоғалған адам күзетші болып жұмыс істеген.