28 наурыздағы мәлімет бойынша төрт өңір "қызыл" аймақта қалған.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта: қалған өңірлер.
Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін COVID-19 жұқтырған науқастардың саны күн санап артып жатқан өңірлердің арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы көш бастап тұрғанын хабарлады.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1596 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды. Оның көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелді.