Лисаковте пеште тұрған тамақты қараусыз қалдыру салдарынан газ жарылды. Көрші екі пәтер арасындағы жұқа қабырға қираған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы Alau.kz хабарлады.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурызда Лисаков қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі пультіне 5 шағын ауданындағы бесқабатты үй пәтерлерінің бірі түтіндеп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт асүйден шыққан.
"Өрт асүйдегі пеште тамақ пен қайнап жатқан суды қараусыз қалдыру салдарынан шыққан. Газ қоспасы ауаға жайылып, нәтижесінде жарылыс болған. Көрші екі пәтер арасындағы жұқа қабырға қирады. Пәтерде 1993 жылғы ер адам болған. Көрші пәтерде үш ересек тұрғын және он айлық сәби болғаны анықталды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Өрт мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін қолда бар құралдармен сөндірілді.