Шымкентте өртенген көліктен 35 жастағы ер адамның денесі табылды
Шымкентте өртенген көліктен 35 жастағы ер адамның денесі табылды
262
оқылды
Шымкентте 26 наурызда өртенген көлік ішінен жанып кеткен ер адамның денесі табылды. Автокөліктің жану себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Otyrar басылымының хабарлауынша, 26 наурызда сағат 20:48-де Әл-Фараби көшесінің бойындағы Сайрам тұрғын үй алабы маңында Toyota Camry 35 маркалы көлігі өртеніп кетті. Өрт 21:02-де оқшауланып, 21:24-те толық сөндірілді. Өртенген көліктің ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. "Өрт шыққан жерге ТЖД-нің тоғыз қызметкері мен екі техникасы, екі өртсөндіру қызметкері жұмылды", - деп хабарлады Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі өкілдері.