Бір ғана Тараз қаласының өзінде жаңбыр мен тазартылмаған арықтардың салдарынан 17 ауланы су шайып кетсе, бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік өкілдерінен құралған 39 адам, 9 техника және 9 мотопомпа апат салдарымен күресуде.
Бұдан бөлек, Жуалы ауданында 2 сағат 49 минутқа созылған жауын-шашыннан Қоңыртөбе ауылындағы ауланы су алып, Майбұлақ ауылындағы бес үйдің ауласын су басқан. Ал Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы бес үйдің ауласына су кіріп, су деңгейі 18-20 сантиметрге көтерілген. Қазір ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен барлығы 22 адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа суды сору, арық жүйесін тазалау сынды жұмыстар жүргізуде.Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы