Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 47 жастағы елорда тұрғынын ұстады.
Тергеп-тексеру барысында күдікті танысына қонаққа келген. Содан олар ішімдік ішкен. Артынан қайтарында күдікті «Хуавей» маркалы ұялы телефонын, екі әйелдің сағатын, парфюм және алтын сақинаны ұрлап әкеткен.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әйел адам жасаған іс-әрекетін мойындаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.