Қазақстанда «Грэмми» сыйлығын тұңғыш алған Иманбек Зейкенов қазіргі таңдағы табысы туралы айтты.
– Қазір менің концертім 10 мың евродан (5 млн теңге) басталады. Бүгінге дейін 100 мың евродан жоғары табыс тауып үлгердім, – деді Иманбек Зейкнов YouTube арнасындағы "По студиям" бағдарламасында.
"Roses" ремиксінің авторы танымал сыйлықты алғаннан кейін таныстарының тым көбейіп кеткенін айтты. Тіпті балабақшада бірге болған қатарластары да хабарласқан. Сондай-ақ алыс туысқандары да байланысқа шығып, түрлі көмек сұрай бастаған. Иманбек олардың аяқ асты пайда болғанына таңғалып, тіпті кей жағдайда мезі қылатынын жеткізді.
– Өмірде мұндайдан қашып құтыла алмайсың. Кейде мұның бәрі шаршатады. Егер келіп жатса, ешқайсысын кері қайтармаймын. Араласамын, сөйлесемін. Алайда мұндай адамдармен алыстан сыйласқанды құп көремін, – деді Иманбек.
https://youtu.be/MatBfXPU5-c