Ақтаулық тұрғын пәтерінде күркетауық асырап, көршілерінің наразылығын тудырды (видео)
Ақтаулық тұрғын пәтерінде күркетауық асырап, көршілерінің наразылығын тудырды (видео)
5,174
оқылды

Олардың айтуынша, пәтерден жағымсыз иіс шығады. Осы нәрсе жұрттың әбден мазасын алған.

"Күркетауық бағатын көршіміздің үйінен жағымсыз иіс шығады. Дем алу мүмкін емес. Үйімізде жәндік пен тышқан қаптап кетті. Құзырлы органдарға шағымдандық. Бірақ, әрекет жоқ", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Мария КИ.

Тұрғындар көршісі есігін ашпақ түгілі байланысқа да шықпайды деп полицияға арызданған. Құзырлы орган қызметкерлері де пәтердің есігін аша алмады.

"Бұл бойынша учаскелік инспектор шағымын қабылдап, хабарлама арқылы Ақтау қалалық әкімдігіне және СЭС-ке жолдаған. Алдағы уақытта қалалық әкімдіктен немесе СЭС-тен хабар болады", - дейді учаскелік полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Еркін Елеусізов. 

  [embed]https://www.youtube.com/watch?v=OC8zvomv8hU&t=7s[/embed]
Ал Маңғыстау облыстық ветеринария басқармасында өздеріне бақылау, қадағалау және тексеру функциясы жүктелмегенін айтады. Бұл мәселеге санитарлық эпидемиологиялық бөлім мен ветеринарлық инспекция араласу керек дейді. Ал тазалық мамандары бұл жағдайға қатысымыз жоқ деп отыр. Ветеринарлық инспекция болса өздері тексеріс жүргізе алмайтынын, тек әкімдік тарапынан комиссия құрылса іске кірісе аламыз деп отыр. Бірақ пәтерін тауыққораға айналдырған азаматқа әлі еш шара қолданылмай отыр. Өйткені мұндай жағдайға шара қолданатын жауапты орган жоқ болып отыр.