Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының шешімімен Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың басым бағыттары бойынша 14 партиялық кеңес құрылды.
Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы болған Берік Оспанов та партиялық кеңестің жұмысы үлкен жауапкершілікті қажет ететінін жеткізді.
– Nur Otan партиясы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган және «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасының «Ауқатты ауылдар» бағыты бойынша шараларды тиімді іске асыруға, сондай-ақ аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу мақсатында жұмыс атқаратын болады. Қазір Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңестің құрамы жасақталуда. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері, партия депутаттары, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Астық одағы, Қазақстан құс өсірушілер одағы, Қазақстан Сүт Одағы мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да азаматтар кіреді. Мақсаты айқын, нақты істер партиясы ретінде Nur Otan барлық деңгейде өзінің сайлауалды уәделерін іске асыруды қамтамасыз етеді, – деді Берік Оспанов.