Алматыда ұшақ апатынан аман қалған екі азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлер науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтады. 13 наурызда Алматы әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің апатқа ұшыраған АН-26 ұшағында 6 адам болған. Төрт экипаж мүшесі оқиға орында қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған екі әскери азамат сол күні шұғыл аурухана жеткізілген еді.
– Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Әзірге жағдайлары ауыр. Емдетіп, қатарға қосу үшін қолдан келер көмек көрсетіліп жатыр, – дейді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі Лаура Мырзағали.