Көкшетауда әйел қаңғыбастан таяқ жеді
Көкшетауда әйел қаңғыбастан таяқ жеді
166
оқылды

Өз үйінің подъезінде бірнеше жерден дене жарақатын алған әйел полицияға арыз жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Аталған факт туралы Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға 5 сәуір күні Көкшетау қаласында болған. Әдеттегідей үйден жұмысқа шыққан әйел үйінің подъезінде жатқан қаңғыбас адамды шығармақ болыпты. Бірақ, ер адам үйден шыққысы келмей, әйелге жұдырық ала жүгірген.

«Қорғансыз әйелге шабуыл жасаған қаңғыбас ер адам туралы ақпарат барлық автокөліктегі және жаяу патрульдік полиция қызметкерлеріне дереу таратылды. Арада аз уақыт өтпей полиция  бейнебақылау камераларының көмегімен тұрғылықты мекенжайы жоқ 48 жастағы күдікті ер адамды іздеп тапты. Әйел үйінің подъезін паналап кірген екі қаңғыбастан дереу босатуды сұраған. Бұған ашуланған ер адамдардың бірі әйелге түрлі деңгейдегі дене жарақатын салған», – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы