Көкшетауда жол апатынан бір адам қаза тапты
Көкшетауда жол апатынан бір адам қаза тапты
5,147
оқылды

Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«6 сәуір күні түнгі 22:00-де Назарбаев даңғылының бойында болған жол-көлік оқиғасына үш автокөлік себепкер болған. Ниссан, Лада және Гольф көліктері бір-біріне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан Лада-гранта көлігінде отырған жолаушылардың бірі сол мезетте жантәсілім еткен. Қазір оқиғаның жай-жапсарын тергеушілер анықтап жатыр. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде», – деді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы