Жасөспірімді бетон қабырға басып қалды
Жасөспірімді бетон қабырға басып қалды
202
оқылды

Жазатайым оқиға салдарынан 16 жастағы бозбала көз жұмды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 8 сәуір күні сағат 11:00-де Есіл аудандық полиция бөліміне аурухана фельдшері хабарласып, ауруханаға жеткізілген жасөспірімнің қайтыс болғанын айтқан.

«Анықталғандай, Есіл қаласының 16 жастағы тұрғыны, 1-курс студентінің үстіне Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжінің аумағынан тыс жерде орналасқан көкөніс қоймасына кіреберістегі шатырдан (күнқағардан) бетон плита құлаған. Тергеу басталды», – дейді ПД өкілі.

Бұған дейін Шымкентте бетон қабырға 6 адамды басып қалғаны туралы жазған болатынбыз.