«Дәрі-дәрмегін әперем» деген танысы зейнеткердің жарты миллион теңгесін ұрлап әкеткен
«Дәрі-дәрмегін әперем» деген танысы зейнеткердің жарты миллион теңгесін ұрлап әкеткен
351
оқылды

Өскемен қаласының тұрғыны зейнеткердің жарты миллионнан астам ақшасын ұрлап әкетіпті. Бұл жайында ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, 63 жастағы ер адам «102» жедел каналына хабарласып, полиция көмегіне жүгінген. Оқиға 26 ақпанда болған. Зейнеткердің танысы оған «дәрі-дәрмегін сатып әперемін» деп күтім жасап жүргенде 575 мың теңгесін қағып кеткен.

«Ол 48 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдікті тергеу барысында өз кінәсін мойындады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.