Алматыда прокуратура жедел жәрдем жұмысындағы заңбұзушылықтарға қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы Алматы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді.
Онлайн-брифингте Светлана Сұлтанғазиева басшылығы жеке қорғаныс құралдарын "қара нарықта" сатқанын және жалақы кешігіп берілетінін айтқан жедел жәрдем қызметкерлерінің шағымы туралы айтты.
Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, басқарманың комиссиялық тексерісі жедел жәрдем станциясының кей қызметкері жұмысында бірқатар заңбұзушылықты анықтаған.
"Комиссия біраз уақыт бұрын жедел жәрдем қызметіне тексеру жүргізді. Барлық іс тергеу үшін прокуратураға жіберілді. Жедел жәрдем қызметкерлері шағымымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр", - деп жауап берді Светлана Сұлтанғазиева.
Басқарма өкілі соған қатысты тергеу басталғанын айтты.