Алаяқ желіде таралған жеке куәлік пен Оlx–ті пайдаланып несие рәсімдеген
Алаяқ желіде таралған жеке куәлік пен Оlx–ті пайдаланып несие рәсімдеген
201
оқылды

Қостанайлық азамат 44 қазақстандықтың атынан онлайн несие алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қостанай қаласының 27 жастағы тұрғыны былтыр ақпаннан маусымға дейін "Деньги говорят" микронесие ұйымдарында онлайн несиелерді ресімдеумен алаяқтық жолмен айналысқан. Қарыз сомасы 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін болды. Күдікті азаматтардың жеке деректерін алу үшін бірнеше әдісті қолданған. Бастапқыда ол түрлі сылтаумен таныстары мен достарының жеке куәлігінің көшірмесін алған. Кейін басқа азаматтардың жеке дерегіне қол жеткізу үшін ВКонтакте әлеуметтік желісін пайдаланған. Желіден адамдардың жеке құжаттарын тапқан. Сосын Олх-қа бос жұмыс орны туралы хабарландыру берген. Ондағы жұмысқа тұруға ниетті адамдардан фото және жеке куәлік талап еткен. Осылайша күдікті бірнеше адамның аты-жөнін жинап, ЖСН және жеке куәлігінің нөмірі арқылы онлайн-кредит ресімдеген. Мысалы, Қарағандының тұрғыны былтыр тамызда сайт арқылы жұмысқа тұрмақшы болып, жеке деректерін "жұмыс берушіге" WhatsApp арқылы жіберген. Алайда, ол жұмысқа орналаса алмай, алты айдан кейін өзінің атына 50 мың теңге онлайн несие алынғаны туралы естиді. Жәбірленушілердің бірі алаяқтың жақын туысы болып шықты. Алаяқтан 44 қазақстандық алданған. Олардың атына алынған несиенің жалпы көлемі 1,5 млн. теңгеден асады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.