Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
176
оқылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлды.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі - экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігі Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған. 1999-2001 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты. 2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2003-2006 жылдары - "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ Қаржы департаментінің директорының м. а., директоры - басқарма мүшесі. 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді. 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі. 2010-2012 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры. 2012-2013 жылдары - "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС бас директоры. 2013-2016 жылдары - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2016-2019 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы. 2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін - "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы. 2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасарының м. а.