- Бұл теріс ағымдағы азаматтардың тірлігі сияқты. Себебі, дәл осындай жағдай бірер жыл бұрын Шымкент қаласындағы қорымда да болған. Онда теріс ағымдағы мола қарауылы осылайша өзінің діни көзқарасын көрсеткен болатын. Біз марқұмдардың суретіне жағылған бояулардың барлығын кетірдік. Бірақ бұны былай қалдыруға болмайды. Облыстық Полиция департаментіне шағым түсірдік. Тез арада вандализммен айналысқандарды тауып, жазасын беру қажет, - дейді Қ.Абдуллаев.Облыстық Полици департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов бұл мәселені жіті бақылауына алғанын айтып отыр.
Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы