ММА файтері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады.
"Ресми! Біз келесі жекпе-жекке дайындықты бастадық! Өтетін күні мен орнын жақын арада жариялаймыз", - деп жазды ол Instagram-да.
Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 22 қаңтарда Fight Nights Global турнирінде өткізген болатын. Ал қаңтардың соңында Алматыда аралас жекпе-жек файтері оған үкім шығарғанын хабарланған. Сөйтіп, Қуат Хамитов жарты жылға бас бостандығынан шектелді.