Білім мен ғылымды дамытудың алғышарттары жасалды
Білім мен ғылымды дамытудың алғышарттары жасалды
345
оқылды
«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партияның ұйымдастыруымен Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Аталған жиынға Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің төрайымы Жұлдыз Сүлейменова төрағалық етті. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы – еліміздің қарқынды дамып, өркендеуін мақсат еткен партиямыздың, оның лидері, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді одан әрі дамытуға жаңа серпін беретін стратегиялық сабақтастығы деп білемін. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылына екпін беріп, азаматтарымызбен ашық диалогқа келудің маңызды мүмкіндігі екеніне тоқталамыз, – деді Жұлдыз Сүлейменова. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен Қоғамдық кеңестің мақсаты және міндеттері, мүшелері, жұмыс барысы талқыланды. Содан кейін жиынға қатысуышылар таяудағы бес жылда 800 жаңа мектеп салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептердің проблемасын түбегейлі шешу мәселесін ортаға салды. Содан соң «Nur Otan» партиясының жанындағы Білім мен ғылымды дамытудың республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері таныстырылды. Отырыс барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салу арқылы апатты және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешуге болатынын айтты. – Тапсырысты орындау барысында 800 мектепті пайдалануға беру жоспары құрылды. Мәселен, биыл 200 мектеп, 2022 жылы тағы 200 мектеп, 2023 жылы 170 мектеп, ал 2024-2025 жылдары сәйкесінше 230 мектеп, 143 және 87 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ аталған жоспар аймақтар бойынша бөлінеді. Министрлік барлық шараларды қабылдайды, бұйрықты іске асыру тетіктерін таныстыру, іске асырылып жатқан нысандар туралы ақпарат жинау мақсатында барлық аймақтарда көшпелі іс-шаралар өткізілді. Апта сайын әкімдіктермен жұмыс барысы туралы онлайн кездесулер өткізіледі. Министрлік тапсырысты толық көлемде орындау үшін барлық шараларды қабылдайды, – деді ол. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес Республикалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерлан Саиров жақын арада Нұрсұлтан қаласының әкімшілігі 4 мектепке 100 млрд теңге бөлгенін, қазірден бастап осы жұмыстарға бақылау жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты. Ал Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Саясат Нұрбек қоғамдық кеңестің мақсаты және міндеттері туралы айта келе, оның негізгі қағидаттары ашықтық, жүйелілік және тиімділікке сүйенетінін жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептердің құрылысы туралы айтты. 2025 жылға қарай елордадағы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында бірқатар жұмыстардың қолға алынатынын жеткізді. – Елорда әкімдігінің мектептер құрылысын салу бойынша бюджет есебінен, мемлекеттік жеке меншік серіктестік негізінде және жеке инвестицияларды тарту арқылы жүргізіп жатқан жұмыстары осы жылға қалыптасқан оқушылар орнының жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Нүркенов. Сонымен қатар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов те 2025 жылға қарай Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында атқарылатын ауқымды жұмыстар жайын баяндады. Жиын соңында шешім қабылдауды талап ететін негізгі ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, Жол картасының 32-тармағын: «2025 жылға қарай 800 жаңа мектеп салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептер проблемаларын шешу» тармағын тиімді орындауын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігін күшейту, атқарушы органдардың бюджет қаражатын жұмсауына үнемі бақылау жасау міндеті жүктелді. Бұған қоса жергілікті атқарушы билік органдары ай сайын партияның Орталық аппаратына ақпарат беруді қамтамасыз етуі тиіс. Аталған жұмыстардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейту үшін білім мен ғылымның аймақтық Қоғамдық кеңесінің жұмысын күшейту, ақпараттандыру мен насихаттауды жүзеге асыру, сонымен қатар аймақтық кеңестердің мүшелеріне салынып жатқан әр мектепті қадағалауды тапсыру ұсынылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері оқушы орындарының жетіспейтінін жекеменшік мектеп ашу және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуды жүзеге асыру арқылы шешу тапсырылды. Аталған ұсынымдар мүдделі органдарға жолданады. Айта кетейік, Елбасы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы жанынан 14 республикалық кеңес құрылған болатын. Солардың бірі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі. Кеңеске Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова төрағалық етеді. Қоғамдық кеңестің құрамына білім мен ғылым саласын дамытуға атсалысып жүрген отансүйгіш азаматтар, қоғамдық пікір қалыптастырушы сала мамандары, эксперттер, Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, праймериз қатысушылары мен жеңімпаздары, партияның кадрлық резерв мүшелері кірді.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің

ҚҰРАМЫ

 

Басшылық

1.      

СҮЛЕЙМЕНОВА

Жұлдыз Досбергенқызы

Кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

2.      

НҰРБЕК

Саясат

Кеңес төрағасының орынбасары, BTS-Education білім беру жобаларының жетекшісі

Кеңес мүшелері

3.      

АЙТМАҒАНБЕТ

Мақсұтбек

«Altyn Qyran Foundation» ҚҚ атқарушы директоры

4.      

АРҒАНДЫҚОВ

Дәулет Рашитұлы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президенті

5.      

ӘШІМ Нартай

Knowledge Engineering компаниясының басшысы және негізін қалаушы

6.      

БАЙТУК Ғалым

«Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті»  КЕАҚ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры

7.      

БЕЙСЕМБАЕВ Ғани Бектайұлы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті

8.      

БЕКАХМЕТОВ Ғабит Қайратұлы

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі

9.      

ДИГАЙ Дамир Анатольевич

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Стартап Академиясының директоры

10.            

ЕРМҰХАМБЕТОВА Әсия

Жас ғалымдар Альянсының төрағасы

11.            

ЖҰМАДІЛДАЕВА

Наталья Васильевна

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма Төрағасының кеңесшісі

12.            

ЖҰМАДІЛДАЕВ Асқар

ҚР ҰҒА академигі, профессор

Сүлеймен Демирел атындағы Университет

13.            

ЖҮНІСОВА Әсел Абылайқызы Қоғам қайраткері, білім беру саласының сарапшысы

14.            

ЗӘКИЕВА

Динара Болатқызы  
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

15.            

КӘРБОЗОВА Айнұр Бағдатқызы

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

16.            

КЕНЖЕХАНҰЛЫ Рауан  

«Bilim Media Group» бас директоры

17.            

КИІКОВА Гаухар  

OYNA Институтының Басқарма төрағасы

18.            

КИМ

Вера Александровна  

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

19.            

ҚИЯСОВ Нұрлан

EdCrunch University орталығының директоры

20.            

ҚОРҒАНБАЕВА Гүлмира Аманжолқызы

«Ұстаз» ұлттық онлайн академиясының» төрағасы

21.            

ҚҰСМАНОВ Әділ

ҚР Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығы сараптамалық-талдау тобының консультанты

22.            

МЕҢДІҒАЛИЕВ Қайыржан Ермекұлы

Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА, ҚАУ) бірінші проректоры

23.            

МҰҚАШЕВА Айгүл Мақсатқызы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы

24.            

НӨКЕТАЕВА Динар Жүсіпәліқызы  

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

25.            

ОРДАБАЕВ Олжас Темірбекұлы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары

26.            

СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

27.            

ТАЙТӨЛЕЕВ Төлеуғали Мұхамеджанұлы

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры

28.            

ШАЙЖҮНІСОВА Динара Ғапланқызы  

«Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы

29.            

ШАКУЛИКОВА Гүлзада Тәңірбергенқызы   Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректор

30.            

ШУЛАНОВ Ерлан Нұрлыбекұлы   «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы –  Ректор