Жақында ғана бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бар дүниесін түгендеп, иелігінде не бар-жоғын атап, түсін түстеген. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат елді бейжай қалдырмады. Бірі «бүкіл дүниесін көрсетпеді» десе, енді бірі «өзге де шенеуніктер мал-мүлкін отбасына жазып салғаны дұрыс болар» десті. Не десек те, қазір мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе, олардың жұбайларының иелігінде не барын білу елдің қызығушылығын арттырды. Шыны керек, олар жайында не білеміз?
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің зайыбы Алтынай Мамин да осал адам емес. Алтынайдың әкесі Қасым Таукенов – Целиноград облыстық атқару комитетінің төрағасы және Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. 2019 жылғы мәліметтер бойынша, Алтынай Мамин «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ серіктестерінің бірі екен.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашевтің әйелі Лейла Адайбекова әлеуметтік желілердің жазуынша, «Медеу» демалыс қонақүйі мен түрлі ЖШС-нің акцияларына иелік етеді екен. Алайда Pk.uchet.kz сайты ол қонақүйдің басшысы ретінде Танзиля Альмамедованы көрсеткен.
[caption id="attachment_132866" align="alignnone" width="1024"] newtimes.kz[/caption]
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың әйелі Ғалия Сағынтаева (Тұрысова) – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы хатшысы, Қазақ КСР үкіметі басшысының орынбасары, Республиканың ОСК төрағасы Қаратай Тұрысовтың қызы. 2016 жылғы ақпарат бойынша, ол «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес мүшесі.
Аzattyq-ruhy.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басшысы Ерболат Досаевтың келіншегі Гүлнар Досаева – G және G Glamour компаниясының иесі. Бүгінде бұл компания қазақстандық сәнқойларды «Max Mara», «Dolce & Gabbana», «Fendi», «Gucci», «Селин», «Майкл Корс», «Эмпорио Армани», «Пеннибак» және т.б. брендтік киімдерімен киіндіріп отырған елдегі дистрибьютордың бірі.