Алматылық 4 жасар қызын азғындаған: әйелі ашық сұхбат берді
Алматылық 4 жасар қызын азғындаған: әйелі ашық сұхбат берді
264
оқылды
Жеті баланың анасы 38 жастағы Анар Боранбаева ешуақытта ашық сұхбат берген емес. Енді сот ісі аяқталғаннан кейін әйел қандай қиындықтардан өткенін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат барысында Анар Боранбаева күйеуінің 4 жасар қызын азғырып келгені оның қылмысының бер жағы ғана екенін баяндады. Күйеуі ішімдік ішіп, әйелі мен балаларына жиі қол көтеретін болған.
«Біз 2012 жылы таныстық. 2014 жылға дейін азаматтық некеде тұрдық. Бірінші некемнен екі үлкен балам бар. Бізде бәрі жақсы болады деп оны беріліп сүйдім. 2014 жылы ортақ ұлымыз дүниеге келді. Ол қол жұмсап, қабырғамды сындырды, миым шайқалды, денем күйді. Полиция шақырған едім, күйеуім оларға дастархан жайып берді», — деп бөлісті ол.
Әйелдің сөзінше, 9 жыл бойы арада қанша кикілжің болса да, балалар үшін деп күйеуіне бәрін қайта басынан бастауға мүмкіндік беріп келген. Алайда әр кез жағдай нашарлай түседі. Жуырда Анар Боранбаева жетінші баласын туды.
«Жаз бойы ол қызыма тәттілер сатып алып жүрді, барлығын соған алып келетін. Маған бұл ұнады, қызыға қарадым, бірақ бір гәп бардай көрінді. Соңғы екі айда ішімдік ішіп жүрді. Қиындықтар болады ғой, уақыт өте келе сабасына түсер деп ойладым. Перзентханадан шықтым. Мен ыдыс жуып жатқанымда, ол балаларды ұйықтатуға кетті. Келгенімде балалардың ойнап жүргенін көрдім, бірақ күйеуім мен қызым болмады. Ұлымнан «Қызым қайда?» деп сұрадым. Ол «Әкем алып кетті» деді. Маған не болғанын білмеймін, балама қарай жүгірдім. Бөлмеде күйеуім тыржалаңаш тұр, ал қызымның етегі түрілген», — деп бөлісті ол.
Анар Боранбаева бұл оқиға туралы тұтас мемлекет білсе де, үнінің тиісті жерлерге жетпегенін айтады. Енді ол зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге арнап қор ашпақ ниетте.