АҚШ-та жасөспірім қарудан оқ атып, үш адамды жаралады
АҚШ-та жасөспірім қарудан оқ атып, үш адамды жаралады
151
оқылды

АҚШ-тың Айдахо штатындағы Ригби қаласында 6-сынып оқушысы қарудан оқ жаудырып, 3 адамды жаралады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қыз бала қаруды сөмкесіне салып мектепке алып келген. Сөйтіп, мектеп ішінде, сосын далаға шығып, жан-жағына оқ жаудыра бастаған. Абырой болғанда, ешкім қаза таппады. Тек екі оқушы мен бір күзетші жарақат алды. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында.

Тергеушілер күдіктінің бұл қадамға не себепті барғанын және суық қаруды қайдан алғанын анықтауда.