АҚШ-та Гитлердің "соңғы ұрпағы" табылды
АҚШ-та Гитлердің "соңғы ұрпағы" табылды
332
оқылды

"Звезда" телеарнасының тілшілері АҚШ-тан Адольф Гитлердің "соңғы ұрпағын" тапты.

15 жыл бұрын фюрердің үш немере жиенінің Лонг-Айлендте тұратыны белгілі болды. Олардың әкесі — Алоиз, ағасы Адольф — тегін Хиллер деп өзгерткен. New York Times журналистері олардың үйін тапқан соң, Үшінші рейх басшысының туыстарына мекен-жайын өзгертуге тура келді. Енді міне, Гитлердің туыстары Нью-Йорктен табылып отыр. Қазір фюрер ұрпағын жалғаушылар Манхэттеннен екі сағаттық жерде тұрады. Үйдің қақпасы әдеттегіден биік және бірнеше бейнебақылау камерасы орнатылған.
Гитлердің жиендері — Александр, Брайан және Луис отбасына деген жұрттың қызығушылығын ескере отырып, биография жазуды бастаған.
Ресейлік журналистер ағайындылармен байланысқа шыға алмады. Жергілікті полиция офицері мұнда жиі келсе де, фюрер жиендерінің есік ашпайтынын айтты.
"Гитлердің туыстары мен сол секілділері көптен бері АҚШ азаматтығын алған — сайлауға барады, салық төлейді және мемлекеттен көмек алады. Оларды ата-бабаларымен тегінен басқа ешнәрсе байланыстырмайды. Экс-ұлтшылдардың Екінші Дүниежүзілік соғыстағы қылмыстарға қатысы бары анықталса, жергілікті Америка билігінде оларға сұрақ пайда болуы мүмкін", — деді телеканалдағылар.
Еске салсақ, ұлтшылдардың ұл-қыздары адамзаттан кешірім сұраған еді.