Желдей ескен жалған ақпар...
Желдей ескен жалған ақпар...
639
оқылды
Қазіргі қоғам ақпарат ара­сында «адасып» жүр. Әркімге ме­диа­гигиена керек-ақ. Әлеуметтік же­лі­ге қандай да бір фото, ви­део, сілтеме жүктемес бұ­рын оның рас-өтірігіне көз жет­кізу қажет. Сонда өздіг­і­нен жалған ақпаратқа қарсы иммунитет пайда болады. ХХІ ғасырда медианарықта ақпарат көлемі артып, қолжетімді бола түсті. Сәйкесінше, мамандар ақпараттың дұрыс-бұрысын тек­серіп, жариялаймын дегенше рейтинг «дабыл» қақты. Сол се­бепті кейбір БАҚ өкілдері тек «тасымалдаушыға» айналды. Ал сүзгіден өткізу мен тереңіне бой­лау оқырманның иелігіне өтті. Салдарынан халық билік орган­дарына, сенімді дереккөздерге сенуден қалды. Бұл – қазіргі ме­дианың бас ауруы. Аталған жайт елімізде ғана емес, әлемдік ақ­па­рат кеңістігінде мәселе тудырды. «Сайттан киім-кешек аларда мұқият тексереміз, тұтынушы пікірін оқимыз. Көз жеткізген соң ғана тапсырыс береміз. Ақ­па­рат­ты да солай тексеру керек». Украина журналисі Виктория Романюк дөп басып айтқан. Фак­тчекинг жүргізу маңызды. Мұны еліміздегі медиа тренер Жұлдыз Әбілда да қолдайды. Белгілі журналистің айтуынша, қазір журналистердің өзі әлеу­меттік желідегі чатқа «Мынау рас па?» деп сілтемемен бөліседі. Ал бұл қоғамда кереғар пікір қа­лып­тастырады. Жұлдыз Әбіл­даның ойынша, жалпы халыққа қатысы бар дүниені таратарда сүзгіден өткізген абзал. «Бұрын «көзбен көріп, қол­мен ұстаған нәрсеге ғана сен» дейтінбіз. Ал қазір көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсеге де кү­мәнмен қарау керек. Ақпарат көп. Оның рас-өтірігін тексеріп жат­пай, таратып жатырмыз. Бәрін «жұтып» жатыр­мыз. Қарапайым жұртты былай қойғанда, журна­листердің өзі сын көзбен қарамай, ақылға сыймай­тын ақпаратты тарата береді. Бұл – тобырға ай­налуға апарар жол. Күресу керек. Ең болмаса, тексе­рілмеген ақпа­рат­ты таратпауға, сын көзбен қа­рауға ұмтылу қажет. Мүмкінді­гінше ақпараттың рас-өтірігін тексерудің қарапайым әдістерін білген жөн», – дейді медиа тре­нер Жұлдыз Әбілда.  width= Ал Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов соңғы кезде әлем медиасында жалған ақпарат көбейгенін атап өтті. Мә­селен, Қытайда шыққан ко­ро­навирус індеті туралы, әсіресе орыстілді ақпарат көздерінде, тіпті ағылшын тілінде де жалған ақпарат өріп жүргенін айтады. Осындайда фактчекинг күрес жүргізудегі басты құрал екен. Журналистің айтуынша, кез келген ақпаратты таратпас бұрын журналист верификация жасау керек. Ақпараттың рас-өтірігін анықтау – маңызды. Егер де ақпараттың рас-өтірігі тексеріл­месе, бастапқы дереккөзіне, рес­ми орындарға деген сенімсіз­дік туындайды. Халық арасында дүр­дараздық, қорқыныш пен үрей туып, қаңқу әңгіме көбейеді. Мәселен, әлем халқы коронави­русты қалай жеңеміз деп дал болып жатқанда, түрлі ақпарат көздерінде шындыққа жанас­пай­тын материал тараған. Осы тұр­ғыда Еуразиялық факт­че­керлер желісі тізе қосып, бірнеше зерттеу материалын дайындап жатыр. Думан Смақов қазір фак­тчекингті журналистиканың фор­маты деп емес, қазіргі ме­диа­ның бір бөл­шегі, мызғымас бөлігі ретінде қа­рас­тыру керек екенін меңзеді. «Factcheck.kz сайтының тә­жірибесін мысалға келтірсек, Қа­зақстанда 100-ге жуық жалған ақпаратты анықтадық. Олардың ішінде елдегі шенеуніктердің жалған сөзі, тіпті бұрынғы, қа­зіргі Президенттердің пікірі бар. Оған қазақстандық медиа та­ратқан жалған ақпаратты қо­сыңыз. Оның ішінде этикаға сай емес ақпарат, журналистік зерт­теуде жалған дә­лел ұсыну бар. Мәселен, жақында елімізде ба­ла­бақшадан гөрі мешіт салу жиіледі деген ақпарат тарады. Біз соны зерттеп көрдік. Соңғы 5 жылда елімізде мешіт салу көр­сеткіші төмендепті. Әлеуметтік нысан салу бірде өсіп, бірде төмен­деген. Мұндай мысал көп. Бастысы фейк ақпаратқа қарсы иммунитет қалыптастыру керек», – дейді Думан Смақов. Сондай-ақ журналистке «Адамдар неге жалған ақпаратқа құмар?» деп сұрақ қойдық. Оның айтуынша, адам эмоцияға ба­сым­дық бергендіктен, ақпарат­тың парқына бармайды. Көп жағ­дайда дұрыс-бұрысына на­зар аудармай, көре сала сезімге бе­ріліп таратып жібереді. Нә­тиже­сінде, эмоцио­налды әлсіз­дікті мең­­герген «әк­кі­лер» жал­ған ақ­па­рат тасымалдауға бейім болады. Расымен де, қоғамның әлсіз тұсын пайдалану – заңдылық. Бі­рақ «сең қозғайтындар» ақпа­рат аудиторияны тәрбиелеп отыр­ғанын ұмытпаса екен. Елдің фейк ақпаратқа қарсы имму­ни­тетін оятсақ, олардың бананда коро­навирустың жоғына көзі жетіп, суреттен қасқыр мен итті ажырата алатын болады.    width=Айзат АЙДАРҚЫЗЫ