"Иә, менің ойымша, бұл - аудандық әкімдіктердің олқылығы. Олар жергілікті жағдайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе облыс әкімдігіне қарағанда жақсы біледі. Егер олар жағдайды алдын ала ескертіп, қолдау шараларын ұсынса, біз, әрине, Үкімет тарапынан көмек көрсететін едік", – деді Сапархан Омаров.Бұған дейін Маңғыстау облысында аштан қырылып жатқан жылқылардың суреті желіде талқыланған еді. Жергілікті тұрғындар жайылымдардың құрғағанын, жем-шөп тапшы екенін айтқан.
Фото: Facebook/Бердімұрат Төрекенов