Алмас Құдайбергенов «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Алмас Құдайбергенов «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы болып сайланды
861
оқылды

Күні кеше онлайн өткен «Болашақ» Қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналасында Кеңестің жаңа құрамы мен төраға сайланды, деп хабарлайды «Айқын» ақпарат агенттігі.

Кеңестің дауыс беру нәтижесі бойынша Алмас Шайықбекұлы Құдайбергенов төраға болып сайланды. «Қауымдастық Кеңесіне Гүлзада Шакуликова, Мұхтар Манкеев, Бауыржан Рақышев, Аслан Назарәлиев, Мұрат Ақынов, Томирис Мұсаева, Айдар Арифханов және Қанат Әуесбай кірді. Кеңестің жаңа мүшелерін сайлануымен құттықтай отырып, жұмыстарының табысты болуын тілейміз!» — делінген «Болашақ» Қауымдастығының баспасөз хабарламасында.
Қауымдастықтағы төрағалық қоғамдық қызмет болып табылады және Жарғыға сәйкес «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы 3 жыл мерзімге сайланады. Болашақ Болашақ БолашақКеңес шығыстар бюджетін бекітіп, оның жұмсалуына қатысты есептерді тыңдайды. Сондай-ақ, Қауымдастық мүшелерін ақшалай қаражат түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын хабардар етіп, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын қарастырады және бекітеді. Алмас Құдайбергенов 1979 жылы 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Түркиядағы Докуз Эйлюль университетін «Мемлекеттік басқару бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша, Англиядағы университет жанындағы колледжде «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша білім алған.  width= Болашақ БолашақЕңбек өтілі: • 2019 жылдан бастап осы күні — «Болашақ» қайырымдылық қоры Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі; • 2018 жылдан бастап осы күні — «Ана үйі» қоғамдық қоры Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі; • 2017-2020 жж. — Қазақстандағы Британ Сауда Палатасының Вице-төрағасы; • 2017 жылдан бастап — Қазақстан YPO атқарушы комитетінің мүшесі, қазақстандық чаптер; • 2017-2019 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Кеңестің мүшесі; • 2015 жылдан бастап осы күні — "Болашақ" президент стипендиясы түлектері Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі; • 2011 жылдан бастап осы күні — Қазақстандағы мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының негізін қалаушыларды бірі әрі мүшесі; • 2011 жылдан бастап қазіргі уақытта — Centrasia Group Басқарма Төрағасы; • 2008-2010 — Fintex компаниялар тобының Басқарушы директоры; • 2006-2008 — Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік Комитет төрағасының орынбасары; • 2005-2006 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі; • 2001-2005 жж. — Қазақстан Республикасы министрліктерінде түрлі қызметте.