Әкімнің орынбасары жартылай жалаңаш қыздарға ақша қыстырғаны үшін қызметтен кетті
Әкімнің орынбасары жартылай жалаңаш қыздарға ақша қыстырғаны үшін қызметтен кетті
280
оқылды

Өзбекстанда Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Нурали Мирзаев өз еркімен қызметтен кетті.

Бұл туралы "Сырдария хабарлари" басылымы Сырдария облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады. Бұған қоса, ауданның басқарма басшысы Нозим Муротов та қызметтен кеткен. Бұның алдында әлеуметтік желілерде бір топ шенеуніктің мейрамханада жартылай жалаңаш қыздарға ақша қыстырғаны туралы видео тараған. Сырдария облысының әкімдігі оқиға былтыр қазанда "Евро Азия" мейрамханасында болғанын, шенеуніктерге шара қолданылғанын хабарлаған.