Жаңалықтар Германияда неміс әжейді ақтық сапарға қазақтың әнімен шығарған (видео) Германияда неміс әжейді ақтық сапарға қазақтың әнімен шығарған (видео) Назгүл Ержанқызы 23/06/2021 06:00 343 оқылды Германияда жерлеу рәсімінен түсірілген“Балалары анасының соңғы өтінішін орындаған. Неміс әжей Бахтың немесе Штраустың музыкасын емес, қарапайым қазақ әнін қалаған. Әннің мәтінінде “Сағыныш! Туып-өскен жеріңді бағала!” деген сөздер бар. Видео желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=UQsphcunwFQ&t=2s&ab_channel=JulianNagelsmann[/embed] “Отанға деген сүйіспеншілік – ең мейірімді, ең жарқын сезім. Өмірдегі ең ұмытылмас нәрсе – балалық пен жастық шақ. Жақын достар табу, олармен қарым-қатынасқа түсіп, тіл табысу – бәрі бала кезден басталады. Мүмкін ол Қазақстанға келе алмаған шығар. Осылайша, Қазақстанда өзін білетіндердің бәрімен қоштасқан шығар”, ” Немістер – дана халық, әсіресе біздің немістер! Туған жерге деген қандай құрмет”, ” Отанды ештеңе алмастыра алмайды! Отан – бұл екінші анамыз деу бекер емес”, – деді олар.