Ақтөбеде жыл басынан бері 300-ге жуық ерлі-зайыпты ажырасып кеткен
Ақтөбеде жыл басынан бері 300-ге жуық ерлі-зайыпты ажырасып кеткен
263
оқылды

Биыл Ақтөбеде 273 отбасы ажырасып кеткен. Ажырасудың негізгі себебі  бас қосқан екі адам және ағайын-туыстары арасындағы мінез қайшылығы екен.

Ақтөбеде отбасы құндылығын насихаттау, гендерлік тендікті дамыту және отбасы институтын нығайту мақсатында «Отбасы құндылықтары – ортақ міндет» тақырыбында кәсіби медиатор, психологтар бас қосты. Шара барысында мамандар қатысушылардың сауалына жауап беріп, жұптар арасында тренинг өткізіп, кәсіби ақыл-кеңесімен бөлісті. Жыл басынан бері «Анаға тағзым» орталық мамандары 600-ге жуық отбасына қолдау білдірген.

«Ажырасуға бел байлағандар нақты себебін айта алмайды. Тек отбасы ішіндегі түсініспеушілікті, ауыр сөздерді алға тартады», – дейді орталық психологі Бибігүл Қалел.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері 1863 жұп отбасын құрса, оның 273-і ажырасып кеткен.