«Қазақстан барысы» турнирі тікелей эфирден көрсетіледі
«Қазақстан барысы» турнирі тікелей эфирден көрсетіледі
196
оқылды

Бүгін, 4 шілде күні Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен өтетін  «Қазақстан барысы» турнирін тікелей эфирде TRT AVAZ телеарнасынан көруге болады. Сонымен қатар турнирді Qazaqstan, Qazsport және Қазақтелеком АҚ ұсынған TV+ телевизиялық платформасынан (приложение) да көре аласыздар.

«Қазақстан барысы» - тек Қазақстанда емес, бүкіл Түркі әлемінде де үлкен қызығушылық тудырған жарыс. Соған орай, TRT AVAZ бұл байрақты бәсеке барша Түркі әлеміне тікелей эфир арқылы таратылмақ. Оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан мен Тәжікстан елдері орын тепкен Орталық Азия елдері мен Түркі әлемінің мәдени дәстүрін жалғастырып отыр.

Биыл «Қазақстан барысы» турнирі оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат - қазақ елінің ұлттық құндылықтарын дәріптеу, ұлттық спорт қазақ күресін насихаттау, жастарды спортқа баулу. Осы жолы «Қазақстан барысы» күрес турнирінде чемпион болу үшін кілемге шығатын 37 балуан «Aлтын тұяқ», “Aлтын белбеу” және «Қазақстан чемпионы» атақтары үшін күреседі. Бүгінгі турнирде Қазақстанның үздік балуандары - Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және Еламан Ерғалиевтар топ бастап отыр.

«Қазақстан барысын» 4 шілде, жексенбі күні сағат 10.00-де TRT Avaz-да өткізіп алмаңыздар!