Көлік жуушы бастығын тонап кетті 
Көлік жуушы бастығын тонап кетті 
5,235
оқылды

Қожайынының кеңсесіне ұрланып кірген ол 100 000 теңге көлеміндегі ақшаны сейфтен жымқырып кеткен.

Іздестіру шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен  осы көлік жуу орнының 29 жастағы қызметкері ұсталды. Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Үй-жайға кіріп жасалған ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ тергеу  кезінде күдікті  жасаған тағы бір қылмыс анықталып отыр.  Биыл сәуір айында  әртүрлі жұмысқа жалдана жүріп, өзі секілді  жалдамалы әріптесінен «Оппо 101»  маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап,  оқиға  орнынан ізін суытқан. Жоғарыда аталған барлық деректер  бойынша күдікті өз кінәсін толық  мойындады.

Саятхан САТЫЛҒАН,

 Жамбыл облысы