Кинотеатрда сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт біртүрлі жағдайда қалды (видео)
Кинотеатрда сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт біртүрлі жағдайда қалды (видео)
©https://newtimes.kz/
468
оқылды

Ақтау тұрғыны сүйіктісіне ұмытылмастай кеш сыйламақ болған. Алайда сөз салған жігіт бойжеткеннің келісімін алмады.

«Лада» өңірлік порталының хабарлауынша, ер адам кинотеатрмен келіскен. Фильм аяқталған соң экранға бойжеткеннің суреттері шыққан. Сөйтіп, жігіт қызына сөз салған. Қала тұрғыны Гавриил Кулештің сөзінше, экранда қыздың фотолары шыққан. "Әдемі музыкамен видео көрсетілді. Кейін экран бұрышынан фейерверк басталды. Сол кезде жігіт сүйіктісін шақырып, бір шоқ гүл тарту етті", - деді ол. Алайда, мұның бәріне қарамастан, бойжеткен келісімін бермеген. Өзге келушілер романтикалық сәтке куә болды. Кейбірі камераға түсіріп алған. «Олар екеуі бір нәрсені талқылады. Кейін жігіт сүйіктісі келіспегенін айтты», - дейді Гавриил Кулеш. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=7Clw7gAY8oY[/embed]